Жаңалықтар

Шахтинск тұрғыны Қарағанды облысы әкімінің грантына психологиялық көмек кабинетін ашты

Шахтинск қаласында Қарағанды облысы әкімінің грант иегері Мария Житенева психологиялық көмек кабинетін ашты.

– Бизнестің тауашасын анықтауға ұзақ уақыт жұмсаған жоқпын, өйткені мен алты жыл бойы Шахтинск қаласының № 7 жалпы білім беретін мектебінде педагог-психолог болып жұмыс істеймін. Қазіргі уақытта психологтардың қызметтері сұранысқа ие бола бастады. Менің білуімше, біздің қалада халыққа психологиялық көмек көрсету кабинеті жоқ, сондықтан оның болуы бүгінгі күнге дейін өзекті, – дейді Мария.

Қыз жастар кәсіпкерлігін ашуға және дамытуға гранттар алу мүмкіндігі туралы біліп, мүмкіндікті пайдалану керек деп шешкен.

– Қарағанды облысы әкімінің грантына құжаттар тапсырдым. Маған бәрі қалай ұйымдастырылғаны ұнады: ZOOM платформасында жобаны қорғаудан бастап тегін оқуға дейін. Мемлекеттің қолдауының арқасында менің бизнес-идеямды іске асыру оңай әрі жылдам болды. Өткен жылдың желтоқсан айында мен 2 миллион теңгеге грант ұтып алдым, үш айдан кейін жайлы және жабдықталған психологиялық көмек кабинетін аштым. Әзірге мен жалғыз жұмыс істеймін, бірақ болашақта әріптестер тобын жинауды жоспарлап отырмын. Уақыт өте келе менде тек кабинет емес, психологиялық көмек орталығы болады деп үміттенемін, – дейді кәсіпкер.

Кабинеттің негізгі қызметтері: ересектермен, жасөспірімдермен және балалармен жеке консультациялар, отбасылық консультациялар, мектепке дайындалу үшін балалармен бейімделу сабақтары, семинарлар, тренингтер және шеберлік сыныптары.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button