ЖаңалықтарСпорт
«Шахтер» сапы колумбиялық футболшымен толықты
«Шахтер» футбол клубы колумбиялық қорғаушы Франсиско Кампо Миномен келісімшартқа отырды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Кампо бұған дейін литвалық «БФА», латвиялық «Лиепая», ресейлік «Динамо» (Махачкала) командаларында ойнаған. 2023 жылғы маусымда Қарағандының «Шахтері» сапында 19 матч өткізіп, 2 гол соққан.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.