Аймақ

Шахан қыста қалтырамайды

Шахан кентінде орталық қазандық пен жылу желілерінің құрылысы кестеге сай жүргізілуде. Жылу беру маусымында қолданысқа беріледі. Жұмыс барысын облыс әкімінің орынбасары Ермек АЛПЫСОВ тексеріп қайтты.

Қазандық ішінде жабдықтар толық орнатылған. «Механомонтаж-2004» ЖШС мердігерлік ұйымы барлық темірбетон жұмыстарын, құрылымдарды монтаждады. Инженерлік коммуникациялар жүргізілді. Қазандықтарды гидравликалық сынақтан өтті.

Кәсіпорынның бас директоры Әмір Дәулетәлиевтің айтуынша, автоматика жүйесіне тапсырыс берілген. Тамызда келуі тиіс. Әрлеу жұмыстары мен аумақты абаттандыру жалғасуда. Қаржыландыруда проблемалар жоқ. Қазандық жаңа жылыту маусымына қарай іске қосылады. Технология бойынша түрлі көмірді пайдалануға болады.

Әкім орынбасары ауылды аралап өтіп, құбырлар мен жылу тораптарының қалай салынып жатқанын көрді. Бүгінгі күні жұмыстың 60%-ы орындалды. Барлық қажетті материалдар бар. Монтаждауды жеделдету үшін мердігер жұмысшылар мен арнайы техникалар санын көбейткенін жеткізді.

Тамыз айының басында жылу трассасын ішінара сығымдау жоспарлануда. Оны жылыту маусымына дайындау жұмыстары жүргізілетін болады.

Орталық жылуға бірінші әлеуметтік нысандар қосылады. Содан кейін көпқабатты үйлер.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button