Спорт

Шағын футболдан тартысты турнир өтті

Қарағанды «Жастар» спорт кешенінде жасөспірімдер арасында шағын футболдан  білікті заңгер, қоғам қайраткері Балапан Әбеновті еске алуға арналған  облыстық турнир өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан жарысқа биыл  15 команда қатысты. Турнирдің ашылу салтанатына Камалтин Мұхаметжанов, Серік Ақсұңқарұлы, Ералы Тоғжанов, Құдайберген Бексұлтанұлы, Рымбала Омарбекова, Есенғазы Иманғалиев, Ерғазы Қадашұлы бастаған танымал тұлғалар мен марқұмның туған-туыстары қатысты.

Суреттер: облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан

Тартысты өткен турнирде ең мықты дайындалған 3 команда жүлдеге қол жеткізді. Бірінші орынды Абай ауданынан келген спортшылар, екінші орынды қарағандылық футболшылар, ал үшінші орынды теміртаулықтар еншіледі. Жарысты Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен футболдан «Жастар» олимпиадалық резервінің облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі ұйымдастырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды. 

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button