Бас тақырыпРесми

Сеулде Құрылтай сайлауында алғаш болып Қазақстаннан барған студент қыз дауыс берді

Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматтары алғашқылардың бірі болып өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты. Сеулдегі сайлау учаскесінде алғаш болып дауыс берген сайлаушы – Корей университетінің студенті Ажар Кәрімжанова.  Бұл жайлы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Сурет СІМ

Ажар Кәрімжанова Оңтүстік Кореяда үш жылға жуық уақыт тұрып келеді. Қазір ол Корей университетінде білім алуда. Оның айтуынша, шетелде жүргеніне қарамастан, Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірін жіті бақылап отырады.

– Қазақстан Республикасының азаматы ретінде еліміздің болашағына қатысты маңызды қоғамдық-саяси үдерістерден шет қалмауға және өз үлесімді қосуға тырысамын, – деді Ажар Кәрімжанова.

Оның айтуынша, сайлауға қатысу – тек конституциялық құқық қана емес, сонымен бірге азаматтық жауапкершілік.

– Біздің таңдауымыз елдің болашағына тікелей әсер етеді. Бүгін қабылданған шешімдер ертең Қазақстанның даму бағытын айқындайды. Сондықтан жастардың өз пікірін білдіріп, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуы аса маңызды, – деп атап өтті ол.

Сеулдегі №422 сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де ашылды. Оңтүстік Кореяда жүрген қазақстандықтар шетелдегі азаматтардың қатарында алғашқылардың бірі болып Құрылтай депутаттарын сайлауға дауыс беру мүмкіндігіне ие болды.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button