Басты тақырыпЖаңалықтар

Сенімді серіктестік бастауы

      Кеше облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро КАВАБАТАНЫ қабылдады. Кездесу барысында екі ел арасында әлеуетті әріптестік қарым-қатынас орнату бағытындағы жұмыстар баяндалды.

Аймақ басшысы ел экономикасын тұрақты дамытудағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын атады.

Жалпы, Жапония елінің экономикасы шарықтап дамыған, технологиясы – озық. Сондай-ақ, әлемдік өркениетте мəдениетін, тарихын, дəстүрін сақтай білген ел. Сондықтан, Қазақстан мен Жапонияның мəдени-гуманитарлық, саяси-экономикалық байланысына орай, екі мемлекеттің дамуына қолдау көрсету маңызды. Қазіргі таңда қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен күншығыс елінде көптеген мəдени шаралар өтеді. Алдағы уақытта Жапония елінің компаниялары облысқа жаңа технологиялар әкеліп, қазба байлықтарды өндіруге ат салыспақ. Елімізге жапондық кәсіпкерлерді, инвестицияны тартып, әріптестікті дамытуда ортақ мүдде орнайтынына сенемін, – деді аймақ басшысы.

Жапон Елшісі екі ел арасындағы мəдениетте ғана емес, сонымен қатар, ғылым, технологияда жүзеге асқан шараларға тоқталды. Өткен жылы сахналанған Ахико Тецуроның тағдыры баяндалған «Ақтастағы Ахико» қойылымы Жапонияның тарихымен үндескенін, әсіресе, қарағандылықтардың жапон мәдениетіне құрметі жоғары екеніне ризашылық танытты. Бүгінде қазақстандық студенттердің күншығыс елінің ең үздік жоғары оқу орындарында білім алып жүргенін тілге тиек етті.

«Қазіргі таңда екі ел арасындағы байланыстардың әлеуеті – жоғары. Республиканың минералды ресурстарға бай екендігін ескере отырып, өңір экономикасын дамытуда серіктестікті арттырамыз. Қазіргі таңда Қазақстанның бірқатар қалаларында аграрлық секторда 45-ке жуық жапон компаниясы жұмыс істейді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, кеншілер шаһарымен ғылым, технология саласында жаңа жобаларды жүзеге асырамыз деп ойлаймын. Біз үшін әріптестік орнатуда облыстың экономикалық әлеуетінің жоғары болуы – зор мүмкіндік», – деді Жапонияның Қазақстандағы Елшісі.

Аяулым СОВЕТ

Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button