АймақБас тақырыпҚарағанды

Сенбілікке Қарағанды техникалық университетінің 100 студенті қатысты

Бүгін, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында екінші жалпықалалық сенбілік өтіп, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің маңы тазаланды.

Университеттің «Жас Орда» жастар қауымдастығының 100 студенті Әбілқас Сағынов, Қазыбек би, Қаныш Сәтбаев ескерткіштері маңындағы аумаққа тазалық жұмыстарын жүргізді.

– Бүгін 100-ден астам студент Қаныш Сәтбаев ескерткішінің жанындағы сквер аумағын, А.Сағыновтың қабірін, университет аллеясы мен аумағын және Владимир Ленин ескерткішінің жанындағы скверді тазалауға шықты. Біздің волонтерлер штабы экологиялық акцияларға жиі қатысып тұрады. Біз тек университеттің айналасын ғана емес, қала көшелерін, үлкен кісілердің пәтерлерінің аумағын тазалаумен де айналысамыз. Бізге бұл ешқандай қиындық туғызбайды, – дейді «Жас Орда» еріктілер штабының басшысы, Ә.Сағынов атындағы университеттің 3 курс студенті Кристина Немытова.


Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button