Саяси реформалардың жаңа кезеңі

Мемлекет басшысы реформалау, дамудың саяси курсын жалғастыру бойынша Үндеу жариялады.

Осынау құжат қазақстан­дық­тар үшін бұған дейінгі бағдар­ла­малардың, Президент Жолдау­ларының үзілмес жалғасы іс­петті болды. Оның ішінде, 5 инс­титуционалды реформаны жү­зеге асырудың жарқын көрінісі. Жаһандағы өзгерістерді ескерсек, Қазақстанға жаңартылған саяси жүйе қажет. Бұл – уақыт талабы. Сондықтан, биліктің құзыреттілігін өзара бөлу, әсіре­се, атқарушы билік пен Парламент арасындағы құзыреттілікті айқындау – оңды әрі дер кезін­дегі шешім. Нәтижесінде, атқа­рушы биліктің – Үкіметтің, ми­нис­трліктердің, әкімдер мен Пар­ламент жұмысының жауап­кер­шілігі артады. Мемлекетті бас­қарудың заман талабына сай ашық, айқын жүйесі қалыптасады. Қа­зақстан халқының мүддесіне жұ­мыс істейтін саяси жүйенің тиім­ділігі нақтыланады. Бұл ретте, билік тармақтары арасындағы үйлесімділік сақталады.

Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының Конституция­сына өзгерістер енгізіледі. Жаңар­тылған Конституцияның жобасы БАҚ арқылы Қазақстан халқының талқылауына ұсынылады. Сон­дықтан, құрметті жерлестер, Сіз­дерді осынау саяси реформаларды қызу талқылауға, Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың ше­шімін қолдауға шақырамыз.

С.ПІШЕНБАЕВ,

Балқаш қалалық мәслихатының депутаты, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы.

БАЛҚАШ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.