Саяқта су тапшы

    Келер жылы Балқаш қаласы 80 жылдық мерейтойын атап өтпек. Бұл туралы Балқаш қаласының әкімі Александр АГЛИУЛИННІҢ қатысуымен аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

 

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша өңірде атқарылған жұмыстарға тоқталған қала басшысы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы тұрақты жұмыс орындарына – 1410 адам, қоғамдық жұмыстарға – 473 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 666 адам, жастар тәжірибесіне 60 адам жұмылдырылғанын атап өтті. Оның айтуы бойынша, келер жылы МЖӘ бойынша 2 жоба іске асырылмақ. Олар –орталық аурухананың базасындағы томография кабинеті және №1 емхана аясындағы консультациялық-диагностикалық компьютерлік орталық.

Сондай-ақ, жиын барысында өзекті мәселелер сөз болды. Соның бірі – Саяқ елді мекеніндегі су тапшылығы.

Қазіргі таңда өзекті мәселенің бірі – Саяқ кентінің халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету болып отыр. Кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеп, өнеркәсіптің дамуына су тапшылығы едәуір кері ықпалын тигізуде. Десек те, бұл аймақ кен өндіру саласын дамытуда үлкен басымдыққа ие. Қазіргі таңда қаланың тұрғын үй, көлік және коммуникациялық инфрақұрылымының дамуына қатысты мәселелермен қатар, Саяқтағы су проблемасын шешу жолдары қарастырылуда, – деді қала басшысы.

Айта кеткен жөн, Балқаш – халқының саны 78 800 адамды құрайтын өндірісті қала. Бүгінде шағын және орта бизнес, жаңа тұрғын үйлер құрылысы дамып, туристік кластерлерді өрістету қарқын алып келеді.

Аяулым СОВЕТ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.