Ресми

Саудагерлер тек қолма-қол ақшамен төлеуді талап етсе не істеу керек?

Қазақстандықтар саудагерлердің 1 қаңтардан бастап онлайн-төлемнен бас тартып, қолма-қол ақша ғана қабылдай бастағанына шағымданып жатыр. Саудагерлер тек қолма-қол ақшамен төлеуді талап етсе не істеу керек? Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары бұл талаптың заңсыз екенін айтып отыр деп хабарлайды Ortalyq.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: informburo.kz сайтынан

Кейінгі жылдары қазақстандықтар төлем жасау үшін банктердің мобильді қосымшаларын көбірек пайдаланады. 2023 жылы 11 айда қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 86%-ға дейін өскен. Алты жастан асқан балалар да қолма-қол ақшасыз төлем жасайды. Ал ата-аналардың 41,4%-ы балаларына карта рәсімдеген.

1 қаңтарда қазақстандықтардың мобильді аударымдарын тексеру басталғандықтан жеке кәсіпкерлер өткізген тауарлары, көрсеткен қызметтері үшін қолма-қол ақша төлеуді талап етіп, банк картасы, QR төлемі мен мобильді аударымдарды қабылдамауы жиі кездесіп жатыр. Алайда қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз. “Төлемдер және төлем жүйелері туралы” заңының нормаларында әртүрлі төлем әдістері – банк картасы, QR төлемі немесе қолма-қол ақша қарастырылған. Сондықтан онлайн не карта төлемдерді қабылдаудан бас тартқандар жазаланады. Оларға бірінші ескерту жасалады, ал қайталап заң бұзғаны үшін 147 680 теңге (40 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады.

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы мемлекеттік кірістер органдарына хабарлау қажет. Сондай-ақ, eOtinish арқылы растайтын құжаттарды жүктей отырып немесе Wipon Cashback тегін қосымшасы арқылы арыздануға болады

Тауарларды сатқанда немесе қызмет көрсеткенде кәсіпкерлер сатып алушыға түбіртек беруге міндетті. Оны беруден бас тартса, әкімшілік жауапқа тартылады.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары декларация тапсыруға тиіс, сондықтан кәсіпкерлік қызметтен алынған кірістерді дұрыс көрсету өте маңызды.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button