Спорт

«Сарыарқа» жолдастық кездесуде жеңіліп қалды

Хоккейдің ел кубогі алдындағы дайындығы аясында кезекті жолдастық матчта қарағандылық «Сарыарқа» командасы атыраулық «Бейбарысты» қабылдады. Кездесуде жерлестеріміз қонақтарға 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

 

Алдымен, есепті «Сарыарқа» клубының шабуылшысы Евгений Григоренко ашты. Көп ұзамай Евгений Григоренко есепті 2:0-ге жеткізді. Қарсыластар да өз кезігінде шабуылға шығып, жерлестердің қақпасын нысанаға ала бастады.

«Бейбарыс» клубының ойыншылары Антон Елисеенко, Александр Ананичев, Эдуард Гринь соққан голдар жауапсыз қалды. Ойын соңына дейін таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button