Спорт

«Сарыарқа» хоккей клубы жаңа маусымға дайындықты бастады

Бұған дейін қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубына жаңадан Бас бапкер тағайындалғаны туралы жазған болатынбыз. Бапкер Владимир Князев құрамдағы ойыншылармен танысып, ұжыммен кездесіп, жаңа маусымға дайындықты бастайтынын мәлімдеді.

«Сарыарқа» хоккей клубы

Хоккейден ел кубогі аясындағы алғашқы ойындар 22-31 тамыз аралағында өтеді. Осы уақытқа дейін ойыншылар медициналық тексерістен өтіп, дайындық жұмыстары толық аяқталады деп күтілуде.

– Мен осы қызметке тағайындалғанда командада ешкім болмады. Бәрін жаңадан бастауға тура келді. Команда іріктелді. «Бәрі реттелді» десек те, әлі де көңілдегідей емес. Қатарымызға жақсы ойыншыларды қосуымыз қажет, – деді Бас бапкер.

Бас бапкер кездесу барысында ойыншылардың деңгейіне де тоқталып, баға бере кетті.

– «Сарыарқа» – тарихы терең клуб. Өткен маусымда қалай өнер көрсеткенін көрдік. Әрі бұл клуб бірнеше бәрте ел чемпионатының кубогін төбесіне көтерген. Ресей чемпионатын да жеңіп алған. Осы дәстүрді үзбей, әрі қарай жалғастыруымыз қажет. Әлбетте, жүрексінбеу керек. Жүрексінер болсақ, бастаудың қажеті жоқ деген ойдамын. Бар күш-жігерімізді салып, жеңіске жету керек, – деді Владимир Князев

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button