“Сары-Арқа – 2019” облыстық жазғы ауыл спартакиадасы басталды
“Сары-Арқа – 2019” ХХХІІІ облыстық жазғы ауыл спартакиадасы жалауын желбіретті. Оған Қарағанды облысының барлық аудандарынан 600-ден астам адам қатысуда.
Жарыс бағдарламасына спорттың 11 түрі енгізілді: волейбол, шағын футбол, қазақ күресі, жазғы президенттік көп сатылы сайыс, армрестлинг, гирь спорты, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шахмат, дойбы, асық ату. Қатысушылардың жасы – 18 және одан жоғары.
– Бұл – дәстүрлі спартакиада. 1986 жылы облыстық спорт комитетінің отырысында ауыл спортшылары арасында бірінші облыстық спартакиада өткізу туралы шешім қабылданды. Жарыс әр аудандарда ұйымдастырылады, өткен жылы бұл – Нұра, биыл – Абай. Онда “Жігер” стадионында өткен спартакиаданың әсерлі театрланған ашылуы көрсетілді. Ауыл тұрғындары осы дәстүрлі облыстық біріншілікке үлкен ықыласпен қатысып отырғанын атап өткім келеді, – деді Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының дене шынықтыру-бұқаралық жұмыс бөлімінің басшысы Нұрлан Әшірбек.
Өткен жылы спартакиадада Абай ауданының командасы I орынды, Нұра ауданының құрама командасы II орынды, Жаңаарқа ауданының құрама командасы III орынды иеленген-ді.