Бас тақырыпОблыс әкімі

Сайлау күні қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетеді

Қарағанды облысында 9 маусымда сайлау күні жолаушыдан қоғамдық көлікте жол жүру ақысын талап етпейді. Таңғы сағат 6-дан 20.00-ге дейін автобустар тегін жұмыс істейтін болады.

Қарағанды облысында барлығы 787 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлаушылар тізімінде 900 мыңнан астам адам бар. Оның 37 мыңы-мүмкіндігі шектеулі адамдар. Олар үшін дауыс беруге барлық жағдай жасалған. Сайлау өткізу дайындығына жауаптылар бүгінгі таңда учаскелер материалдық-техникалық жарақтандырылғанын айтты. Аймақ басшысы әр тұрғынның дауыс беру құқықығын кедергісіз пайдалануына қажетті жағдайды жасауды тапсырды. 

– Жағдай тұрақты, дайындық бар. Алайда барлығы жақсы екен деп, бейжай отыра беруге болмайды. Енді ең бастысы дауыс беру күні қандай да бір келеңсіздіктерге жол бермеуге тырысу керек. Әркім өз блогына жауапты. Сіздерге жетекшілік ететін бағыттар бойынша қойылған міндеттерге тағы да назар аударамын және дауыс беру күні олқылықтарға жол бермеу керектігін айтамын” – деді Ерлан Қошанов 

Басқа материалдар

Back to top button