Жаңалықтар

Сақтық шаралары пысықталды

    Қазыбек би атындағы ауданның тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы Қарағанды қаласындағы №5 емхана базасында «Күйдіргіге күдіктіні анықтау барысында медициналық қызметкерлер іс-әрекетінің алгоритмін меңгеру» тақырыбында оқу-жаттығу шараларын өткізді.

Оқу-жаттығудың басты мақсаты – қатерлі дерттің алдын алу, жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау, сондай-ақ, емдеу шараларын кешенді түрде жүзеге асыру.

Жаттығуды өткізу ережесіне сәйкес, аталмыш емханада күйдіргі ауруына күдікті анықталып, облыстық жедел жәрдем көрсету станциясының эвакуациялау тобымен жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

Дертке күдікті жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылғаннан кейін Ұлттық сараптау орталығының залалсыздандыру бригадасы №5 емханада қорытынды залалсыздандыру жүргізді.

Салтанат ИЛЬЯШОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button