Сәкен театрына «академиялық» мәртебесі берілді

Қарағанды облыстық Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрына «академиялық» мәртебесі берілді. Көптеген жылдардан бері қалтқысыз қызмет етіп, халыққа рухани ләззат сыйлап келе жатқан театр бұл мәртебеге әбден лайық.

«Сүйінші!
Қарағандының Сәкен Сейфуллин атындағы арқалы театры «академиялық» атағына қол жеткізіп, Үкіметтің 25.10.2019 ж. арнайы қаулысы шықты. Құтты болсын!» деп жазды аталған театрдың белді әртістерінің бірі Сламбек Жұмағали өзінің Фейсбук парақшасында.