Ұрыста тәуекел ету де – ерлік
«Сарышаған» полигонында «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты «Сарышаған» полигонында әскери міндеттілер оқ оқу-әдістемелік сабағын бастап кетті.
Жауынгерлкік даярлықтың жоспарына сәйкес жеке құрам біріктірілген еснтоп құрамында артиллерианың көрсетілім атысын өткізді, әскери көлігінен 9 — П 140 220 мм Ураган зеңбірегінен практика іс жүзінде сабақ алды.
Артиллериядан оқ ату жаттығуының жиын басшысы полковник Дәулет Сеилханов жетекшілік етті. Оқу-әдістемелік сабақ барысысында командалық бақылау бекетінен қадағаланды. Бастысы – артиллерияда оқ ату жаттығуының көрсетілім атысы күткен нәтижені көрсетті. Артиллерист-жауынгерлер тарапынан ешқандай ауытқушылық болған жоқ. Осы ретте әскери міндеттілер асқан жауапкершілік танытқандығын айта кеткен жөн. Атап айтқанда, батарея командирлері атыс кезінде бір-бірімен тез арада тіл табысып, берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындап шықты.
Думан ЖҰМАШҰЛЫ,
Приозерск гарнизоныны баспасөз хатшысы