Желтоқсан оқиғасына - 35 жыл

Рух алаңы

Қарағанды шаһары. 1986 жыл. Желтоқсанның суық желіне қарамастан бас даңғылда үш жүзден аса студент қозғалысы байқалады. Бұл – Қарағанды мемлекеттік университеті, медициналық университет, политехникалық институттың кеше ғана ауылдан келген бозбала студенттері. Ойлары – Алматы қаласында болып жатқан оқиғаға қандай да бір қолдау білдіру. Жариялық басталғаннан бері жастар арасында «Замандас» газеті қоғам арасына ой тастай бастаған кезі. «Балауса» атты қазақ әдебиеті мен мәдениетіне жанашыр студенттердің бой көрсете, өздерін ортаға таныта бастаған шағы болатын. Алаңға жиналған студенттердің ойы қазақ елін «Қазақстанды қазақ басқаруы керек» деген ұстаным еді. Ресейдің Ульяновск облысынан келген КОЛБИННІҢ басшылыққа тағайындалуына қарсы болды.

Облыстық комитет ғимаратының алдына жиналған жастар. Сол кезде милицияның барлығы университеттен шыққаннан жастарды аңдып отырған. Оларды әр тараптан қоршауға алған. Біршама көп жиналған студенттер шоғырына қосылмақшы болған топты бөліп тастап, алдыңғы қатарды топтап ұстап әкетті, қамады. Осыдан соң қаншама студент оқудан қуылды, жазаға тартылды. Бұл да Алматы қозғалысымен бір бағытта өтті. 1989 жыл. Сол алаң. «Тентек», «Долинка», КСРО-ның 50 жылдығы, «Абай» шахталарының жұмысшы лары 20 шілдеде жұмысты тоқтатып, еңбекті ұйымдастыру мен ақы төлеуді жетілдіру, тұрмыс пен демалыс жағдайын жақсарту жөнінде бірқатар талап қойды. Ертеңіне ереуіл Қарағанды көмір бассейнінің барлық шахталарына тарады. Қарағанды, Абай, Саран және Шахтинск қалаларының көшелерінде көп адам қатысқан митингілер өтті. Осылайша, екі тарихи оқиғаның куәсі болған алаң – бұл.

2011 жыл Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай облыс орталығында бой көтерген жаңа монумент пен абаттандырылған алаңда Тәуелсіздік монументі ашылған болатын. Монумент ақ мәрмәр тастан биіктігі – 47 м., салмағы – 16 тонна. Монумент ұшар басында шардың және күннің үстіне қондырылған қыран бүркіт Тәуелсіздік символын бейнелейді. Монументтің ортаңғы бөлігінде күн бейнеленген. Күн Қазақстанның ежелгі көшпелі және жартылай көшпелі жұрттарында Күннің культі өте ертеден басталады. Қазақ халқының танымында, әсіресе, «күн» образының символдық мәні ерекше деуге болады. Күн бейнесі қазақ танымында уақыт, наным-сенім секілді категориялардың әрқашан өзгеріп тұратындығына сәйкес: күн – жасампаз қаһарман, күн нұры (немесе нұр) – жасампаздық күш, күннің «елшілері» – күнтекті адамдар сынды тұжырымдарға негізделеді. Стелланың төрт жағында «Тұлпар» орналастырылған, олардың қанатының арасы әшекейленіп, қасбетіне Қазақстан Республикасының Елтаңбасы орнатылған және Елбасының Тәуелсіздік туралы сөзі жазылған. Қазақ халқының дүниетанымында, ділі мен тілінде жылқыға қатысты өзгеше философиялық және мәдени жүйе қалыптасқан. Соның ізі адам мен жылқының қатар өмір сүре бастаған байырғы заманнан байқалады. Айбынды атты әскерінің көмегімен қаһарлы елге айналып, Еуразия құрлығында үстемдікке қол жеткізген, сөйтіп адамзат өркениеті тарихында өшпес із қалдырған кейінгі ғұндар,Түркі қағанаты, Шыңғыс хан империясында да жылқы малы қатты қадірленген. Жобаның авторы – қарағандылық мүсінші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі М.Байсбай.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болсын! Тәуелсіздік алаңы тек мерекеге ашылсын!

Темірғали АРШАБЕКОВ.

Басқа материалдар

Back to top button