Білім

RoboLand 2024: іріктеу кезеңі аяқталды

Қарағандыда жыл сайын өткізілетін RoboLand фестивалінің іріктеу кезеңі мәресіне жетті. Биыл облыстың аудандары мен қалаларынан басқа Астана, Ақтау, Қостанай, Орал, Петропавл, Өскемен қаласы мен Ұлытау, Жамбыл облысынан 1 214 командадан өтінім келіп түскен.

Сурет: ұйымдастырушылардан

Айта кетейік, жарысқа өтінім берген команда ұйымдастырушылары мемлекеттік құрылымдар мен жеке клуб өкілдері. Жарыстың іріктеу кезеңіне 2 мыңнан астам оқушы қатысқан.

Солардың ішінен 164 команда іріктеліп, ақтың кезеңге жолдама иеленді.

Аталмыш шара Оқу-ағарту министрлігі, «Kazdidac» қауымдастығы, облыстық білім басқармасының мұрындық болуымен ұйымдастырылуда.

Балалардың ғылыми-техникалық шығармашылығын ілгерілету, инновациялық қызметті танымал ету; білім беру робототехникасы саласында озық тәжірибемен алмасу мақсатында қолға алынған.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button