Ресми

Құрметті жерлестер!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақс­тан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке халқымыз үшін бейбітшілік пен бірліктің  символына айналды. Тәуелсіз Қазақстан жеткен барлық жетістік халқымыздың тұтастығы мен өзара бірлігінің бірден-бір көрінісі. Біздің қоғамдағы этностар арасындағы өзара түсіністік пен құрмет, өзара келісім сияқты қасиеттер  болашаққа сеніммен қарауымызға негіз болып отыр. Дана халқымыз «Бірлік болмай, тірлік болмас» деп бекер айтпаса керек. Еліміздің өсіп-өркендеуінің кілті өзара бірлігімізде жатыр. Бүгінде Қазақстан тағдырдың жазуымен қазақ жеріне келген көптеген этностар үшін туған үйге айналды. 

Қадірлі бауырлар!

Сіздерді осынау ұлық мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа амандық пен  бақ-береке, жақсылық тілейміз! Еліміз нығайып, өсіп-өркендей берсін. Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

 Е.Бөлекпаев,
Қарағанды облысының әкімі.

Н.Кобжанов,
Қарағанды облыстық  мәслихатының төрағасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button