Құрметті облыс тұрғындары! Қымбатты жерлестер!

     Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!

    Бұл күн – көпұлтты республикамыз үшін қасиетті күн. Осы уақыт аралығында еліміз әлем халқы алдындағы абыройын асқақтатты, беделін биік етті. Осының барлығы Тұңғыш Президентіміз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесі екендігін мақтан етеміз.

    Бұл күні Қазақстан ТМД және Еуразия аумағында экономикалық өсім көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Мемлекет басшысы ұсынған дамудың стратегиясы өзінің өміршеңдігін, жемісті екендігін көрсетті.

   Аз уақытта жас республикамыз тарихи жетістіктерге қол жеткізді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, жаңа Қазақстан – екі онжылдықта қабілетті, еңбексүйгіш халқымен даңқталды. Бұл – біздің мақтанышымыз, ортақ абыройымыз.

   Қарағандылықтардың 25 жылдағы өлшеусіз еңбегі мен жасампаздығы біздің облысты Қазақстанның көшбасшы өнеркәсіптік орталығының біріне айналдырды. Облысымыздың 80 жылдық мерейтойының осы жылмен тұспа-тұс келгендігі де ерекше қуантады.

   Қарағанды облысы еліміз экономикасының дамуы мен реформаларды жүзеге асыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Осы өңірде кеншілер, металлургтер, құрылысшылар мен ауыл шаруашылығы саласының мамандары қалтқысыз қызмет етуде. Қарағанды облысы еңбектің өнімділігі бойынша алдыңғы орынға шықты. Биыл ауыл шаруашылығы мамандары Тәуелсіздік жылдарындағы рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, миллионнан астам тонна егін орды.

   Шағын және орта кәсіпкерлік өнімінің көлемі аймақ­тағы өнеркәсіп алпауыттарының өнім көлемімен теңес­ті.

   Әлеуметтік саланы өркендету мақсатындағы саясат өңір тұрғындарының ахуалын арттыруға мүмкіндік берді. Тәуелсіздік жылдарында өндірістік, әлеуметтік саланың ондаған нысандары іске қосылды. Біз жерлестеріміздің түрлі салалардағы жетістіктерімен мақтанамыз!

   Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, біз тыныш­тық пен бейбітшіліктің арқасында орасан жетіс­тік­терге қол жеткіздік. Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі жолында күрделі кезеңдерді артқа тастап, тұрақтылықты, мызғымас бейбітшілікті нығайттық.

    Қымбатты қарағандылықтар!

  Сіздерді Отанымыздың басты мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік пен келісім, сәттілік, бақуатты өмір тілейміз!

Н.ӘБДІБЕКОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Р.ӘБДІКЕРОВ,

облыстық мәслихаттың хатшысы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.