Руханият

Өрендер – өнер сайысында

Кеше С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында «ТТТ» (театр – творчество – талант) байқауы басталды. Бұл балалар мен жеткіншектердің халықаралық театр фестиваль-конкурсы Қарағандыда осымен екінші мәрте өтіп отыр. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен.

Фестиваль-конкурсқа Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Буратияның болашақ әртістері мен өнерпаздары қатысып, өнер бәсекесіне түсуде қазір. Кеше осы шараға орай біз С.Сейфуллин театрына бас сұққанымызда, конкурстың алғашқы аталымына тап болдық. Жоғарыда аталған әр елден келген қатысушылар онда қазылар алқасы мен көрермендер алдында өнерлерін ортаға салу үстінде екен. Әр елдің өнер мектептері мен оқу орындарының 6-дан 25 жасқа дейінгі қатысушылары алғашқы аталымда сахнада спектакль қоюдан сайысса, екінші аталымда көркем сөз оқудан бақ сынасады. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен өтіп отырған халықаралық театр фестиваль-конкурсына барлығы 300 үміткер қатысуда. Өнерпаздар кеше спектакль қойса, бүгін көркем сөз оқуда деп ұғыңыз. Қазылар алқасының құрамында Қазақстан, Ресей, Қырғызстан республикаларының өнер саңлақтары мен қайраткерлері бар. Өнер додасынан кеңейтілген репортажды газетіміздің келесі санынан оқитын боласыздар.

Жәнібек Әлиман.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button