Жаңалықтар

«Құрдастар» жайдарман тобы жеңімпаз атанды 

Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен облыстық демалыс және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Достық үйінде сатирик Мартбек Тоқмырза атындағы «Жымиясың сен неге?» атты облыстық дәстүрлі әзілкештер фестиваль-байқауы өтті. 

Фестиваль екі номинация бойынша өрбіді. Олар «Әзілге толы әңгіме» (stand up) атты жеке қатысушының монологы және жайдарман топтарының командалық сайысы. Алғашқы аталымға 12 жеке орындаушы, топтық сайысқа 13 команда қатысып, бақ сынасты.

Әзілкештер додасына Жомарт Әбіш, Болатбек Тоқмырза, Заңғар Әбілжанов, Ернат Әбутаев сында КВН Жайдарман ойындарының облыстағы жетекшілері қазылық етті.

Жеке монолог орындауда Қуандық Қадыров («Кука с Майкудука») топ жарса, топтық сайыстағы I орын Қарқаралы ауданы Нұркен ауылынан келген «А-ха-хай» тобына бұйырды.

Бас жүлде, яғни, Мартбек Тоқмырза атындағы арнайы кубок һәм республикалық жоғары лигада өнер көрсету мәртебесі «Құрдастар» КВН тобына бұйырды.

Толығырақ «Ortalyq Qazaqstan» газетінің алдағы сандарынан оқи аласыздар. 

Жәлел ШАЛҚАР,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button