Ресми

Құптарлық идея көп

Елдің басты газеті «Egemen Qazaqstan»-ға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңейтілген сұхбаты жарияланды. Мемлекет басшысы президенттік өкілеттілікті 7 жылмен шектеу туралы идеяны алғаш рет 15 жыл бұрын айтқан. Ол ұсыныстың қабылданбауына билік маңайындағылардың дайын еместігі де себеп болды деп ойлаймын.

Мемлекеттік қызметшілер – білімді, білікті, бастамашыл, тиянақты, тәртіпті және әділетті Қазақстан идеясына адал азаматтар болуы шарт.

Биыл Жошы ұлысының 800 жылдығы атап өтілетіні, қазақ мемлекеттілігінің терең тарихын зерделеуге бағытталған нақты қадам мен жоспар құптарлық дүниенің бірегейі. Бұған қоса Президент тапсырмасымен әзірленген Қазақстан тарихының көптомдығы жарыққа шығатыны өскелең ұрпақ үшін кеңестік тарихтан арылуға себеп болады.

Президентіміз ұсынған ұлттық бірегейлікті айшықтау арқылы ел бірлігін нығайта түсу үшін, төл жаңа жыл – әз Наурыздың мазмұнын байытсақ нұр үстіне нұр. Ұлттық мерекемізді барынша ерекшелеп, жаңаша атап өту ұсынысы барша қоғам тарапын ұйыстырар күш ретінде қолданылса екен.

Марат ТҮСІПОВ,
Облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі.
Қарағанды қаласы мәслихатының депутаты

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button