Жаңалықтар

Президенттік Жастар кадрлық резервінің өкілі қызметке тағайындалды

Қарқаралы ауданы әкімнің  орынбасары лауазымына  Президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеуден өткен Дидар Қабаев тағайындалды. Ол осы ауданның тумасы. ҚарМТУ-ды және Алматы Экономика және статистика академиясын бітірген. Еңбек жолын 2013 жылы Қарағанды қаласы әкімінің аппаратында инспектор қызметінен бастады.

2013 жылдан 2016 жылға дейін «Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ автомобиль жолдары секторының алдымен міндетін атқарушы, сонан соң бас маманы қызметін атқарған.

2016 жылдан 2018 жылға дейін «Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ автомобиль жолдары секторының меңгерушісі болған.
2018 жылдың қараша айынан бастап соңғы тағайындауға дейін «Абай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы болып жұмыс істеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік лифт ретінде кадр резервін құру туралы ойды ортаға салған болатын.
Бұл неғұрлым даярланған және тәжірибелі жастарға мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесінде басшылық қызметтер атқаруға мүмкіндік береді. Жоғары әкімшілік және саяси лауазымдарға бос орындар пайда болған кезде Президенттік Жастар кадрлық резерві резервшілерінің кандидатуралары қаралатын болады.
Іріктеуге барлығы 13 мыңнан астам жас қазақстандық қатысты. Қорытынды тізімге ұлттық комиссия 300 адамды іріктеп алды. Оның жетеуі Қарағанды облысының өкілдері.

Басқа материалдар

Back to top button