Жаңалықтар

Премьер-Министр жанармай тапшылығы не себепті болуы мүмкін екенін айтты

Қазақстан мен көршілес елдер арасындағы баға айырмасын төмендетуге мәжбүрміз. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету және олардың бағасы туралы жеке тоқталғым келеді. Елімізде жанар-жағармай өндіру жыл сайын өсіп келеді. Сонымен қатар, оны тұтыну көлемі де артып отыр. Бірақ, ол біздің өзіміздің ішкі тұтыну көлемінің өсуімен байланысты болып отырған жоқ. Бағасы айтарлықтай арзан болғандықтан, біздің жанармайды көрші елдерге тасып әкету үрдісі белең алды. Мәселен, бензин құны Ресейде 45%-ке, Қырғызстанда 64%-ке, Өзбекстанда 100%-тен жоғары. Нәтижесінде біз жанармай тапшылығына, әсіресе, егін егу кезінде дизель отынымен қамтамасыз етуде елеулі қиындықтарға кезігіп отырмыз, – деді Ә. Смайылов Үкімет отырысында Президенттің ҚР Парламенті сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын іске асыру барысын талқылау кезінде.

Оның айтуынша, бүгінде отандық мұнай өңдеу зауыттары өз мүмкіндіктерінің ең жоғары шегінде жұмыс істепр жатыр.

– Сондықтан, бензин мен дизель отынының бағасын одан әрі ұстап тұру елдің энергетикалық қауіпсіздігіне теріс әсер етуі мүмкін. Біз Қазақстан мен көршілес елдер арасындағы баға айырмасын төмендетуге мәжбүрміз. Бізде бұдан басқа жол жоқ. Әйтпесе, бір айдан кейін жанармай тапшылығына тап боламыз, – деді Үкімет басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button