Плюрализмге – иә, радикализмге – жоқ, осы ұстаным бұлжымас күйінде қалады – Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының отырысында плюрализм мен радикализмнің айырмашылықтарына тоқталды, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
– Біз адамдардың құқықтық мәдениетін дәйекті түрде арттырып, қоғамдық санада шығармашылық құндылықтарды тәрбиелеуіміз керек. Әр азамат өз сөзі мен іс-әрекетін заң тұрғысынан бағалап, іс-әрекетінің құқықтық салдарын анық түсінуі керек. «Плюрализмге – иә, радикализмге – жоқ». Бұл ұстаным бұлжымас күйінде қалады. Біздің ақпараттық кеңістігімізде және қоғамдық алаңымызда достық пен келісім, сындарлы диалог пен шығармашылық өзара іс-қимыл атмосферасы болуы керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының пайымынша, Қазақстан үшін бұл ойдан шығарылған дүниелер мен жасанды категориялар емес.
– Бұл біздің тарихымыз, бүгініміз және болашағымыз. Бізде ұлтымыздың бірлігін, азаматтардың достығын, толеранттылығы мен отаншылдығын көрсететін шынайы мысалдар бар. Ассамблея мен оның мүшелерінің әлеуметтік желілерде бейбітшілік пен келісім идеяларын кеңінен насихаттап, арандатушылыққа жедел ден қойып, бірлігімізді қорғап жатқаны қуантады, – дедіп Президент.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы өтіп жатыр.