Жаңалықтар

Пітір садақа мөлшері

Санаулы күндерден соң қасиетті Рамазан айы басталады. Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа Мәжілісінде биылғы Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері анықталды.

Садақа мөлшерін анықтау барысында әр облыстағы бидайдың бағасы ескерілген. Ортақ мөлшер Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бір­ауызды шешімімен бекітілген. Сонымен, биылғы пітір садақа мөлшері – 300 теңгеге тең.

Жалпы, пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен Ораза айт намазына дейін беруге болады.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button