Жаңалықтар

Пилоттық жоба – тиімді

     Пилоттық жоба аясында кедендік ресімдеу кезіндегі мемлекеттік бақылаудың барлық түрлері қамтылған. Қанатқақты жобаның мәні – кедендік тазалауда импортталатын тауарларды үш дәліз, яғни, «жасыл», «көк» және «сары дәліз» бойынша тиімді түрде бөледі. Бұл жөнінде Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Азамат АХМЕТОВ аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Қарағанды кеден бекетінің базасында кедендік бақылау барысында қадағалау қызметін жеңілдететін пилоттық жоба іске асырылды. Бұл жерде айта кетейін, декларациялардың көпшілігі еш кедергісіз «жасыл дәлізбен» жөнелтіледі. Ал, әлдебір қиындықтары бар «көк» және «сары дәлізден» өтерлік құны төмендетілетін импорт шығарылған бойда тексеріледі. Аталған жоба бойынша тауарларды ресімдеу кезінде «жасыл дәлізден» өткізу уақыты 6 минутты құрайды. «Сары дәліз» уақыты – 3 сағат 57 минут. Жалпы қорытынды орта ресімдеу уақыты – 38 минут. Бұл жобаны іске асырмай тұрғандағы уақыттың ресімдеу уақыты 1 сағат мұғдарында. Бұл өз кезегінде республика бойынша үздік көрсеткіш. Алда бұл үдеріс жаңартылады деген жоспарымыз бар, – деді Азамат Қуатұлы.

Сонымен қатар, Азамат Қуатұлы мемлекеттік кірістер органдарымен мемлекеттік тізілімге сәйкес салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға 53 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілетініне (33 – салық бағытында және 19 – кеден бағытында, 1 – экономикалық тергеу қызметі) тоқталды.

Сонымен, мемлекеттік қызметтер бойынша барлық стандарттар мен регламенттер жасалды және бекітілді. 2016 жылы облыста мемлекеттік кірістер органдарымен барлығы 1,4 млн. қызмет көрсетілді.

Сондай-ақ, 725 арнайы декларация қабылданған, сомасы 124,8 млрд. теңгені құраған. Салық саласындағы көрсеткіштер бойынша Қарағанды облысы жалпы командалық есепте төртінші орынға тұрақтаған.

Баспасөз мәслихатында Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Азамат Ахметов пилоттық жобадан бөлек, бюджеттік және есептік негіздің жетілуі мен дамуы, жеке біріктірілген қаржы негізін құру сынды сұрақтарға жауап берді.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button