Патриот пейілі

   Геннадий ГОЛОВКИН Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВҚА көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.

Танымал боксшы ҚР Президентінің атына алғыс сөздерін Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановпен кездесу барысында жеткізді.

Спортшының айтуынша, бұл қолдау Альвареспен өткен ымырасыз жекпе-жекте ерекше қажет болған екен.

– Бірінші кезекте мен Мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлына осындай қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіргім келіп отыр. Ол жекпе-жекті қалың жұрт көрді деп ойлаймын. Және де менің жекпе-жегімді тікелей эфир арқылы Президент көргенін естігенде, әрине, менің жүрегімді, кеудемді сезім кернеді, – деді Геннадий. – Адами тұрғыдан алсақ, бұл жанға шуақ һәм қуат ұялататын өте тамаша жайт. Президентіміздің спортқа жанкүйерлік етуін барлық қазақстандықтар мақтаныш ретінде қабылдап, менімен қуанышымды бірге бөлісті деп ойлаймын.

– Президентімізден бастап, еліміздің әрбір тұрғыны саған жанкүйер болды, – деп атап өтті Ерлан Қошанов. – Біздің Қазақстанның, Қарағандының атын осылай асқақтатып жүргеніңе зор алғыс айтамыз.

Өз кезегінде облыс әкімі Геннадий Головкинге «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы үлесі үшін рахмет айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин Қарағандыға балалар ойын спорт алаңын сыйлаған болатын. Кешен оның туып өскен ауласы – Майқұдықтың 14-ші ықшам ауданында.

Кездесуде аймақта балалар спортын дамыту төңірегінде әңгіме өрбіді. Боксшы Майқұдықтағы оның есімі берілген спорт кешенінде болып қайтқанын жеткізді. Геннадий бұл спорт нысанын әрі қарай дамыту туралы ұсыныс білдірді.

 

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.