Қарағанды

Озық біліммен – өрелі істерге

    Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі басымдықтарын талқылап, жүзеге асыруға арналған жиналыс өтті.

Жиналыс барысында Қарағанды мемлекеттік университетінің бірінші про­ректоры, профессор Рымбек Жұма­шев, профессорлық-оқытушылар құра­мының өкілдері, магистранттар мен студенттер сөз алды.

Еліміздің болашақ табыстарының стратегиясы айқындалған Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы Қарағанды мемлекеттік университеті ұжымы тарапынан қолдауға ие болды. ҚарМУ оқытушылары мен студенттері Елбасының отандық білім беру жүйесінің әрі қарайғы дамуы туралы, еліміздің озық университеттерін мемлекет тарапынан қолдау туралы айт­қан сөздерін ерекше ықыласпен қабыл алды.

Қарағанды мемлекеттік университеті қауымдастығы өзінің негізгі мақсаттарының бірі – қазақстандық жас ұрпақты патриотизм және азаматтық жауапкершілік рухында тәрбиелеу деп біледі. Университеттің қызметі патриотизм құндылықтарын, мемлекеттік нышандардың маңызын, табысты және белсенді, прогресшіл жас қазақстандықтар бейнесін дәріптеуге бағытталады.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың мақаласының қағидаларын бірауыздан қолдай отырып, Қарағанды мемлекеттік университеті ұжымы Президент алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін барынша күш жұмсайды.

ҚарМУ-дың баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button