Балқаш

Қос атам да – ардагер

«Соғыс» – сондай суық сөз. Сол сұрапыл жылдары қаншама азамат жер құшты. Қанша бала әкесінен, ана баласынан, қаншама үй тірегінен айырылды. Соғыс жайлы сөз қозғасам марқұм қос атам есіме түседі.

Соғыс қаншама адамның өмірін қиып, әр отбасының жанына жазылмас жара салды. Соғыс жылдары тар жол, тайғақ кешуден өтіп, елінің амандығы үшін, ұрпағының келешегі үшін қас дұшпанға қарсы тұрған ержүрек ерлердің арасында менің аталарым да бар. Нағашы атам Қуатбек Ағыбаев 1926 жылы дүниеге келген. Чех жерін азат етуге белсене қатысып, ауыр жарақат алып еліне оралған. Ал, өз атам Біләл Жакішев 1915 жылы дүниеге келген. Қан майданда халқының қорғаны болған.
Біләл атам сауатты адам болатын.Үнемі әдеби кітаптар оқып, тек әппақ жағалы ақ көйлек киетін. Атам соғысқа қатысып, өмірдің кермек дәмін татқан жан. «Сұрапыл соғыс жылдары бір үзім нанның қадірін ұғынып, соған зар болғанбыз» деп айтып отыратын асыл әжем. Әжем атам жайлы әңгімелеп, басынан өткерген қуанышты сәттерін айтып күліп алатынымыз бар.

Соғыс жылдары әрбір шаңырақтан қаншама әкелер Отан қорғауға аттанды. Сол уақытта күндіз-түні майданға жылы киім, азық-түлік жөнелтіп отырған аналарымыздың еңбегі орасан.

Біз өте бақыттымыз. Өйткені, біз бірлікте тату-тәтті ғұмыр кешіп жатырмыз. Тәуелсіздік – менің Отаныма берілген Тәңірдің сыйы. Сол сыйды екі алақанынан жібермей ұстап тұрған Елбасымызға алғысым шексіз. Мен елімізде ешқашан соғыс болмасын деп тілеймін. Туымыз тек көк аспанда желбіреп тұрсын. Аталар есімін әрқашан мақтанышпен айтайық.

Мадина МҰҒИЫН,

Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің І курс студенті.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button