БалқашБасты тақырып

Қос қалаға – ұшақпен

15 шілдеден бастап «Астана-Балқаш-Астана», «Алматы-Балқаш-Алматы» әуе бағыттары іске қосылды. Бұл туралы Балқаш қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Уақытты үнемді пайдалану мен тұтынушылардың талабынан шығуды көздеген бұл бағыт – әлеуметтік маңызы бар жоба. Яғни, билеттерді сату барысында әуежайлық және қызметтік қосымша төлемдер талап етілмейді.

Қос бағыт бойынша да билет бағасы – бір көлемде. 28 мың теңгеден. Ұшақтар Балқаш қаласынан Алматыға 1 сағат 25 минутта ұшып жетсе, Астанаға жол тартқан азаматтар әуеде 1 сағат 35 минут қалықтайды. Жолаушыларға бұл бағыттарда «АН-24» әуе кемелері қызмет көрсетпек.

Аталған әуе бағыттары бойынша әр аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері сапарлар ұйымдастырылады.

Өз тілшімізден.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button