ТОКҮО 2020
Қоржында тағы қола жүлде
Бүгін Токио Олимпиадасында ерлер арасында ауыр атлетикадан жүлде жиынтығы сарапқа салынды. 61 келіде төрт жылдықтың басты додасына аттанған Игорь СОН 294 келіні көтеріп, қола медаль алды.
Әуелі жұлқа көтерудегі алғашқы мүмкіндігінде 126, екінші мүмкіндігінде 131 келіні сәтті көтергенімен, 134 келі тартатын зілтемірді ырқына көндіре алмады. Бұл жаттығудағы көрсеткіші – 131 кг. Ал, серпе көтеру жаттығуында алғашқы ұмтылысы сәтті болғанымен (160 кг), кейін 162 келіні еңсере алған жоқ. Алайда соңғы мүмкіндігінде 163 килограмды басынан асыра көтерді. Бұл жаттығудағы көрсеткіші – 163 келі.