Қорықтық құю

Газеттің 16 ақпан күнгі №18 (22 614) санындағы «Сауалына – жауабы» айдарында «Танабау» тақырыбымен сауал жолдаған едік. Сауалға жауап келді. Дұрыс жауапты бірінші болып берген Қарағанды қаласының тұрғыны – Айнұр ОМАРХАНОВА.

«Танабау – ақық тасты түйме. Кез келген қуанышты өз қуанышындай қабылдай білетін, шынайы қуана білетін қазақ өзге адамдардың баласын елеп-ескергеніне шаттанған. Тіпті, «танабау» қадамағанға «мән бермеді ғой» деп өкпелеп қалады екен. Әжелер болса, «немеремді ешқайсысың елемедіңдер ғой, «танабауларың» құрып қалды ма, біреуіңнің есіңе келмеді ғой» деп абысын-ажындарына ренжіген. Ал, «танабау» қадап кеткен соң баланың әжесі дастарханын жасап, «танабаудың» шайын ішкен» делінген хатта.

***

Келесі сауалымызға назар ауда- рыңыздар.

«Қорықтық құю» дегеніміз не?

Сауал сырына үңілген Нұрдос КӘРІМ.