Руханият

«Ортекенің» олжасы

Қарағанды қаласының Жаңа Майқұдық Мәдениет үйінде «Ортеке» облыс­тық этнофестивалі өтті.

 

Облыстық фестиваль қазақ халқының көркем шығармашылығын, төлтума қол­өнерін, талантын серік еткен жандардың орындаушылық шеберлігін жаңғырту, мәдени мұраны өскелең ұрпаққа насихаттау, сондай-ақ, кіл дарынды өнерпаздарды қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Мәдени іс-шараға Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы жан-жақты қолдау көрсетті.

Қолөнер шеберлерінің сәндік қолданбалы өнер көрмесімен бастау алған өнер мерекесі қазақтың сюжеттік биін орындау­шылар байқауына ұласты.

 

Қазылар алқасының шешімімен үздіктер анықталып, Гран-при жүлдесін «Жарқын» халықтық би және «Сарын» халықтық фольклорлық ансамблдері иеленді. І орынды Ақтоғай ауданы, «Дидар» үлгілі хореографиялық және фольклорлық ансамблі еншілесе, қос бірдей ІІ орын Аруна Акитай мен Әлібек Имашев, Осакаров ауданынан келген Гүлбану Байжанова және Батыржан Бозтаевқа бұйыр­ды. Үшінші орын Балқаш қаласының, «Ветерок» үлгілі хореографиялық және «Сарыарқа» халықтық фольклорлық ансамбльдері, Қарқаралы ауданы, «Аңыз» үлгілі хореографиялық ансамблі және Тәттімбет ұлт аспаптар оркестрі, Бұқар жырау ауданы «Шұғыла» би тобы, «Ботақара баурайында» халықтық фольклорлық ансамбліне тиесілі болды.

– Фестиваль жергілікті деңгейде өт­кенімен, республикаға үлгі боларлық. Байырғы қазақ қалыбының жарқын елесін жан-тәнімізбен сезінгендей әсер алдық. Мұндай рухани уыз – келешек буынға да көл-көсір ұлағат. Сондықтан, мұрам өлмесін деген қазақ үшін әбден ойланарлық дүние, – деп лебіз білдірді Сәкен Келдібаев ақсақал.

Жан АМАНТАЙ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button