Басты тақырып

Орталық қызметі жандануы қажет

Облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ оңалту орталықтарының жартылай бос болғандығына байланысты әлеуметтік қызмет саласындағы жұмыстарды сынға алды.

Биылғы жылдың мамырында Қарқаралыда І және ІІ топ мүгедектеріне арналған жаңа оңалту орталығы ашылған болатын. Ол 64 емделушіге шақталған және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған. Барлық керек-жарақпен қамтылған. Алайда, бүгінгі таңда орталықта оңалтудан небары үш-ақ адам өтіп жатыр.

– Қарқаралыда мамыр айында оңалту орталығы ашылған болатын, – деп еске салды аймақ басшысы. – Ия, орталық шынымен де жақсы және қажет. Алайда, ол жерде оңалтудан бар болғаны 22 адам ғана өткен. Неліктен? Неге орталық бос тұр? Ондай болатын болса, неліктен ІІІ топ мүгедектерін сауықтырудан өткізбейсіздер? Қазір ол, тек, І және ІІ топтағы мүгедектерге ғана қолжетімді болып тұр.

Жақын арада орталыққа мүмкіндігі шектеулі тағы сегіз науқас келіп түсуі тиіс. Алайда, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Максим Галиуллин айтқандай, орталыққа жіберу механизмін қайта қарастыру қажет. Орталық ашылмас бұрын әлеуметтік қорғау департаментінде жеке оңалту жоспарын құру керек болатын. Алайда, ол міндетті мамандар атқармаған. Оны жыл басында Денсаулық сақтау басқармасына хат жолдағанымен, және де ол хатқа жауап алмағандығымен, қолдау көрмегендерімен түсіндіріп отыр.

Мұның барлығы сіздердің бұл проблемаға жауапсыз қарауларыңыздан! – деп наразылығын білдірді облыс әкімі.  – Мем­лекеттік бюджеттен қаншама қаржы жұмсадық. Ал, сіздер бір хатты ведомстводан ведомствоға тасып, әлек болып жүрсіздер. Адамдар бұл көмекке зәру, күтіп отыр ғой.

Ерлан Қошанов Максим Галиуллинге және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлеріне алдағы күндері Қарқаралыға барып, бұл жағдайды жергілікті жерде шешуді тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, орталыққа барлығы 64 пациент орналастырыла алады. Оның ішінде 15-і арбаға таңылған жандар. Оларға терапевтік, неврологиялық, ортопедиялық және травмотологиялық көмек көрсетіледі. Мекемеге емделуге түсу үшін жеке оңалту бағдарламасын алу керек. Ол үшін МӘС (медициналық әлеуметтік сараптама) анықтамасы, ДКК (дәрігерлік-кеңестік комиссия) шешімі мен әлеуметтік қорғау департаментінің анықтамасы қажет. Әдетте, оңалту курсы науқастың диагнозына байланысты екі аптадан жарты жылға дейін созылады.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button