Бас тақырыпОблыс әкімі

«Орталық» тілшісі – жүлдегер

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов аймақ мәдениетіне сүбелі үлес қосып жүрген өнер саласының үздіктерін марапаттады. Үздіктер сапында «Ortalyq Qazaqstan» газетінің бөлім меңгерушісі, ақын Рауан Қабидолдин бар.

 – Мәдениет болмаса біз кім болар едік? Сіздердің қойылымдарыңыз бен концерттеріңіз біз үшін – ерекше оқиға. Жаңа ән мен жаңа фильм кез-келген маңызды жаңалықтан басым болып кетеді. Бір сөзбен айтқанда, Сіздер біздің өмірімізге жарқын бояулар мен жағымды эмоциялар сыйлайсыздар, – деді облыс әкімі Ерлан Қошанов марапаттау рәсімінде.

 Аймақ басшысының хабарлауынша, биылдан бастап облыстық бюджеттен мәдениет саласының мамандарына жоғары білім беру үшін мемлекеттік тапсырыс беріледі. Сонымен қатар, жергілікті университеттерде мәдениет және өнер мамандарын даярлау мүмкіндігі талқылануда.

 Салтанатты жиында 21 номинация бойынша сыйлықтар табысталды.  «Мамандыққа адалдығы үшін» бас жүлдені Жәйрем кентінің мәдени-сауық орталығының директоры Ақмарал Иманбекова иеленді.

 Қазақстанда Мәдениет және өнер қызметкерлері күні жыл сайын 21 мамырда атап өтіледі. Кәсіби мереке 2013 жылы Президент жарлығымен бекітілді.


Қарағанды облысы әкімі сыйлығының лауреаттары 

«Мамандығына адалдығы үшін» – Ақмарал Иманбекова – Жәйрем кентінің мәдени-ойын-сауық орталығынң жетекшісі; 

«Жыл әртісі» – Ардақ Жарқынбеков – С.Қожамқұлов атындағы театрдың әртісі;

«Жыл әртісі» – Дарья Пивень – Академиялық музыкалық комедия театрының әртісі;

«Жылдың үздік эпизодтық рөлі» – Динара Айғазинова – С. Сейфуллин атындағы театрдың әртісі;

«Жылдың үздік театр режиссері» – Бейсенбай Оспанов – Жаңаарқа ауданының С. Ысқақов атындағы театрдың режиссері;

«Жылдың эстрада жанрының вокалисті» – Жанна Хасенова – Темиртау қаласы Мәдениет сарайының әншісі;

«Жылдың классика жанрының вокалисті» – Ольга Фадеева – Қ. Байжанов атындағы КБ «Арай» ансамбілінің солисті;

«Жылдың үздік инструменталисті» – Гүлнара Амержанова – Қ. Байжанов атындағы КБ Тәттімбет атындағы академиялық оркестрінің әртісі және Татьяна Полещук – Академиялық музыкалық комедия театрының концертмейстері;

«Жылдың үздік жеке аспапта орындаушысы» – Жанета Алдыханова –Қ. Байжанов атындағы симфониялық оркестрдің әртісі;

«Халық әнін үздік орындаушы» – Ержан Базарбеков – Қ. Байжанов атындағы КБ әртісі;

«Жыл хореографы» – Айымгүл Нұғымарова – Темиртау қаласы МС «Гюзель» хореографиялық ансамблінің жетекшісі;

«Балет және хореографиялық ұжымының үздік әртисі» – Гүлмира Нұрмағамбетова – Қ. Байжанов атындағы «Аққу» фольклорлық хореографиялық ансамблінің қоюшы-балетмейстері;

«Көркемөнерпаздар ұжымының үздік жетекшісі» – Саят Тұяқбаев – Ақтоғай ауданының «Ақтоғай» театрының режиссері;

«Демалыс уақытын үздік ұйымдастырушы» – Бақыт Көккөзова – Қарқаралы қаласының мәдени-сауық орталығының әдіскері;

«Ауыл мәдениетінің үздік қызметкері» – Гүлмира Жакудина Нұра ауданы Киевка ауылының Мәдениет үйінің әдіскері;

«Ауылдың үздік кітапханашысы» – Майгүл Асқарова – Бұқар жырау ауданының ОКЖ кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері;

«Үздік кітапханашы» – Елена Свиридова – Саран қаласы ОКЖ №2 отбасылық оқу кітапханасының меңгерушісі;

«Алтын жолақ» – Рауан Қабидолдин – ақын, «Орталық Қазақстан» облыстық газетінің бөлім меңгерушісі;

«Үздік айтыскер» – Тілеген Әділов – Қарағанды облысының айтыскер ақыны;

«Жылдың мұражай қызметкері» – Бибігүл Құдабаева – Облыстық бейнелеу өнері мұражайының жетекшісі;

«Жылдың үздік суретшісі» – Ляззат Тынбаева – Балқаш қаласының мәдени-ойын-сауық орталығының суретші-дизайнері, «Жас суретшілер» ҚБ мүшесі;

 

Басқа материалдар

Back to top button