Жаңалықтар

«Орталық Қазақстан» газетінің редакциясында

123  Газеттің Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау ауданы бойынша меншікті тілшісі болған Амандық Рахұлы зейнеткерлік демалысына шығуына байланысты, қызметтен босатылды.

Осыған орай, газеттің Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев қалалары және Жаңаарқа, Ұлытау аудандары бойынша меншікті тілшісі қызметіне Ахат Құрмансейітов тағайындалды.

Бұған дейін газеттің жауапты хатшысының орынбасары қызметін атқарған Қуаныш Аманқұлов газеттің жауапты хатшысы қызметіне ауысты.

Сондай-ақ, жауапты хатшының орынбасары болып Нұрқанат Қанафин тағайындалды.

Нұрдос Кәрім газеттің ақпарат, құқық, жастар саясаты және бұқарамен байланыс бөліміне жетекшілік ететін болды.

Басқа материалдар

Back to top button