Қола жүлде бұйыра ма?
Шайбалы хоккейден ел чемпионатының жартылай финалына дейін жеткен қарағандылық «Сарыарқа» клубы ақтық бәсекеге өте алмады. Көкшетаулық «Арлан» клубымен бес ойын өткізіп, оның төртеуінде жеңілді. Енді жерлестер ел чемпионатының қола жүлдесіне таласады.

Қос команда арасындағы төртінші ойында жерлестер 5:4 есебімен жеңген болатын. Басталысымен шабуыл жасап, қарсылас қақпасын торуылдаумен болды. Нәтижесінде, төртінші минутта Владислав Сайко қақпадан саңылау тапты. Араға төрт минут салып, Егор Наместников есепті еселеді.
15-ші минутта Темірлан Бейсембиев есеп алшақтығын қысқартып еді. «Сарыарқа» шабуылшысы Артем Валеев есепті 3:1-ге жеткізді.
32-ші минутта Ярослав Хрипков төртінші шайбаны салып, командасын алға шығарады. Алайда, осы шайбадан кейін көкшетаулықтардың ойыны өзгерді. 34-ші минутта – Даниил Парамонов, 36-шы минутта Владимир Волков, 42-ші минутта Кирил Бассов таразы басын теңестіріп кетті. Есеп – 4:4.
53-ші минутта жерлестер сапында Егор Кузьменко мүмкіндікті мүлт жібермей, шешуші шайбаны қақпаға тоғытты. Есеп – 5:4.
Ал, шешуші ойында жерлестер сырт алаңда 7:1 есебімен ойсырай жеңілді.
Қарағандылықтардың ендігі қарсыласы «Хумо» және «Торпедо» клубтары арасындағы кездесуден соң белгілі болады.
Ербол ЕРБОЛАТ,
«Ortalyq Qazaqstan»