Бас тақырыпБілім

Қазақ тілі Оксфорд университетінде оқытылады

Бүгін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оксфорд университеті арасында өзара ынтымақтастық келісімге қол қойылып, соған сәйкес Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту қолға алынбақ, деп хабарлайды ortalyq.kz Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Сурет: Kazinform

Ғылым және жоғары білім министрі мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының басшыларынан құралған қазақстандық делегация әлемдегі ең беделді университке ат басын тіреді.

Ұлыбританияның оқу орнына арнайы барған делегация өкілдеріне Оксфорд Бодлиан кітапханасының Қазақстанға қатысты эксклюзивті көне қолжазбалары көрсетілді. Сонымен қатар университетте экскурсия өтіп, тарихы таныстырылды.

Бұдан әрі министр Саясат Нұрбек британдықтарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен даярланған Oxford Qazaq сөздігінің алғашқы басылымын таныстырды.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button