АймақБас тақырып

Облыстың шалғай ауылдарында 168 құқық кабинеті жұмыс істейді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында ауылдық тұрғындардың өмір сапасын жақсарту және мемлекеттік қызметтерге, соның ішінде құқықтық көмекке тең қолжетімділік беру мәселесіне ерекше назар аударылған. Бұл міндеттер өңірлерде жүйелі түрде орындалуда.Қарағанды облысында интернеті бар барлық елді мекендерде «Құқық кабинеттері» — өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылған. Олар азаматтарға eGov.kz, e-Otinish, «Ашық НҚА» және басқа мемлекеттік электрондық порталдарға еркін қолжетімділік береді.

Сурет ЖИ

2026 жылғы мәлімет бойынша облыста 168 құқық кабинеті жұмыс істейді. Олар Абай, Бұқар Жырау, Ақтоғай, Нұра, Осакаров, Шет, Қарқаралы аудандарын және Приозерск, Шахтинск, Балқаш, Теміртау, Саран, Абай, Қарқаралы қалаларын толық қамтиды.

Әрбір кабинет интернеті бар компьютермен, принтермен, телефонмен және веб-камерамен жабдықталған. Шалғай ауыл тұрғындары құқықтық ақпарат алып, электронды қызметтерді рәсімдей алады, өтініш бере алады және қажетті құжаттарды басып шығара алады. Қиындық туындаса, әкімдік мамандары көмек көрсетеді.

Кабинеттер әдетте жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, әкімдіктер кестесі бойынша жұмыс істейді.

Жобаның негізгі мақсаты — ауылдық жерлерде құқықтық көмекті қолжетімді ету, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекетті адамдарға жақындату. Кішкентай шалғай елді мекендерде де мұндай бұрыштар орнатылып, пайдалануға дайын тұр.

Қарағанды облысы әділет департаменті

Басқа материалдар

Back to top button