Облыста – жаңа прокурор

       Жуырда облысқа жаңа прокурор тағайындалды. Бұл қызметке Ибырай ТІЛЕУҒАЛИЕВ орналасты.

    Басшы Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Жақып Асановтың бұйрығы­мен тағайындалды.

    И.Тілеуғалиев 1965 жылы Ресей Федерациясының Қор­ған облысында туған. 1990 жылы Свердлов заң институтын бітіріп, еңбек жолын Қор­ған қалалық прокуратурасында бастаған.

    1992 жылы Қостанай қаласына қоныс аударып, Қостанай және Ақмола облыстары прокурорының орынбасары қызметіне дейін көтерілген.

    2007-2010 жылдары И.Ті­леу­ғалиев ҚР Бас прокуратурасындағы түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

    Осы тағайындауға дейін, 2010 жылдан бастап Ибырай Әшімханұлы еліміздің Бас кө­лік прокуроры болған.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.