АймақБас тақырыпШахтинск

Облыста жаңа оқушылар сарайы ашылады

Пришахтинскіде 600 орындық «Шабыт» оқушылар сарайының құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы бүгін Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы Гүлбақыт Жүнісова өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтып берді.

Сурет: 2Гис қосымшасынан алынды

Пришахтинскінің 23 шағын аудан саябағының қасында орналасқан ғимарат (мешіт пен перинаталдық орталық арасында), барлық заманауи талаптарға сай келеді.

Ашылу салтанаты 1 маусым – балаларды қорғау күніне жоспарланған.
Сондай-ақ жыл соңына дейін Осакаров кентінде Қосымша білім беру орталығы ашылмақ.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button