АймақЖаңалықтар

Облыста апат жиі тіркелетін қауіпті учаскеге жол таңбасы сызылды

Қарағанды облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілердің қауіпсіздігін күшейту мақсатында пилоттық жоба іске қосылды. Бастама «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалы мен Әкімшілік полиция басқармасының бірлесуімен жүзеге асты.

Сурет видеодан алынды

Жоба аясында республикалық маңызы бар «Қарағанды – Аягөз – Бұғаз» автожолының 85-86 шақырым аралығындағы апат жиі тіркелетін қауіпті учаскеге эксперименттік жол таңбасы сызылды. Атап айтқанда, жолдың жүру бөлігінің шетіне қызыл түсті сызық жүргізілді.

Мамандардың айтуынша, бұл жаңашылдық жол жиегін айқындап, әсіресе көріну деңгейі төмен немесе қауіпті жағдайларда жүргізушілердің назарын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта аталған шешімнің тиімділігіне арнайы мониторинг жүргізілуде. Егер жоба оң нәтижесін көрсетсе, тәжірибені еліміздегі басқа да республикалық маңызы бар автожолдарға кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button