Спорт

Облыс құрамасы көш бастады

Қазақстан Паралимпиада ойындарында облыс құрамасы көш бастады. Жарыс Ақтөбе қаласында 12-17 қыркүйек аралығында өткен-ді. Бұл туралы облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

Жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болған қарағандылық тар 74 медальды қанжығаларына байлады. Бұл медальдардың 45-і – алтын, 21-і – күміс және 8-і қола жүлде.

Ойындарда еліміздің барлық аймақтарынан келген паралимпиадашылар спорттың алты түрі бойынша сынға түсті. Яғни, отырып волейбол ойнау, парадзюдо, оқ ату, жеңіл атлетика, үстел теннисі және пауэрлифтинг секілді сайыстардың жүлделерін сарапқа салды.

Қарағанды облысынан тірек-қимыл аппараты бұзылған 45 спортшы қатысты. Жерлестеріміз парадзюдодан басқа спорт сындарында өнер көр сетті.

Сондай-ақ, Ұлыбритания астанасы Лондонда өткен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы жүзу спортынан әлем чемпионатында қарағандылықтар келесі жылғы Паралимпиада ойындарының үшінші жол дамасына ие болды. Суда жүзуші Әлия Рахымбекова А тобының норма тивін орындады. Бұған дейін Индонезиядағы Паразиада ойындарында Наталья Звягинцева мен Андрей Афанасьев Паралимпиада лицензияларына қол жеткізген еді.

Паралимпиада ойындары Жапония астанасы Токиода 2020 жылы 25 тамыз-6 қыркүйек аралығында өтеді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button