Республика күні
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтады
Құрметті достар!
Сіздерді Ұлттық мереке – Қазақстан Республикасы күнімен құттықтаймын!
Жаңа Қазақстанда тәуелсіз елімізді одан әрі дамыту жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Еліміз аман, Отанымыз тыныш, аспанымыз ашық болып, алға қойған мақсаттарға жете берейік.
Мерейлі мерекеміз құтты болсын!