Бас тақырып

Облыс аумағының 60%-ын қар алып жатыр

Мамандардың сөзіне сүйенсек, облыс аумағының 60%-ын қар алып жатыр. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Мұрат Қатпанов арнайы тікұшақпен аймақтағы өзен мен су қоймаларын бақылап қайтты.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Аймақ басшысы Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет және Абай ауданы аумағындағы Нұра және Шерубай-Нұра өзенінің арналарын көрді. Одан бөлек, Ақтоғай ауданының төңірегін шолып қайтты.

– Шерубай-Нұра өзенінің жоғарғы ағысының аумағында, Ақтоғай мен Шет өңірлерінің шекараларының түйіскен жерінде қалың қар массиві жатыр. Ауа райы нөлден жоғары болса, жақын күндері белсенді су тасқыны басталуы мүмкін, – деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Қарағанды қаласының маңайы мен Федоровка су қоймасын, және су қойма маңайындағы саяжай бойымен өтетін Соқыр өзеніннің жағдайымен танысты.

– Нұра өзенінің арнасын бойлай ағатын судың мөлшері көп. Бұлар негізінен бүйір ағындары. Ал, Нұраның жоғарғы ағысынан ағатын судыың мөлшері онша көп емес. Тау етегінде қар жамылғысы іс жүзінде тек кей жерлерде ғана бар. Қар еріп үлгерген, – деді Мұрат Қатпанов.

Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы жалпы су тасқыны жағдайы бақылауда екенін баса айтты. Аймақтағы жедел штаб өкілдері су тасқыны жағдайын тәулік бойы қадағалап отырады. Барлық қызметтер жақсартылған жұмыс режиміне ауыстырылған.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button