Жаңалықтар

Назарда – Қарағанды геологиясы

  Қарағанды аймағындағы минералды-шикізат қорының бүгіні мен келешегі сарапқа салынған кеңес кеншілер мекенінің кені әлі сарқылмағанын тағы бір растады. Еліміздегі геология саласының құзырлы ұйымдары бас қосып, Қарағанды қазына-байлығын және бір сүзгіден өткізді. Кеңеске облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ төрағалық етті. Сондай-ақ, Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай НҰРАБАЕВ, Инвестициялар және даму министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры Руслан БАЙМИШЕВ, «Қазгеология» ҰКБК» АҚ Басқарма Төрағасы Ғалым НҰРЖАНОВ және жер қойнауын пайдаланумен айналысатын тұлғалар қатысты.

Елбасының биылғы Жолдауда минералды-шикізатты дамыту бағытында берген тапсырмасына орай өткен кеңесте кеншілер аймағының өндірісті келешегі кеңінен сөз болды. Бүгінде қолда бар һәм өндіруі мен игеруді күтіп тұған кен орындары хақында ашық айтылды. Келешекте мол инвестиция қандай пайдалы қазбаға тиесілі болатыны да ұмыт қалмады. Сонымен қатар, Елбасының тапсырмасымен қолға алынған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Кодексіне қатысты заңнамалық өзгерістер де талқыға түсті. Аталған салада заңнаманы жетілдіріп, инвестициялық климатты жақсарту арқылы минералды-шикізатты базаны қалпына келтіруді міндеттеген болатын Мемлекет басшысы. Сөйтіп, ел экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз етуді жүктеген еді. Осыған байланысты кеңеске қатысушыларға өз ұсыныс-тілектерін жеткізуге мүмкіндік берілді. Ал, ол ұсыныстар заң жобасында ескерілмек екен.

Қазір Қарағанды аймағында іздеу, барлаудан бастап, оны өнідіріп алу үшін инвестор тартуға дейінгі жұмыстар жүйелі жолға қойылған. Соның бір көрінісі – Қарағанды облысының кен орнын игеру бағытында 300 келісім жасалған. Оның 200-і қатты пайдалы қазбаларды алумен айналыcса, 66-сы кең таралған кен өндірумен шұғылданып отыр. Бұған қоса, жаңа кен орындарын тауып, аймақтың минералды-шикізаттық әлеуетін арттыру үшін іздеу жұмыстары және жүргізілуде.

(Қарағанды аймағының геологиялық жағдайына қатысты өткен кеңес туралы келесі нөмірде толығырақ жарияланатын болады)

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button