Жаңалықтар

Намысты қолдан бермедік

   Қалалық С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейінде Ауған соғысына қатысқан ардагерлермен кездесу өтті. Өмірін оқ пен от астында өткізіп, елге аман оралып, туған жерімен қауышқан майдангерлермен кездесудің үлкен құрмет екенін ұстаздар атап өтті. Жиналғандар майдан даласында мерт болғандарды еске алды.

Тарих пәнінің мұғалімі  Г. Жапабаева ұйымдастырған кездесу барысында ардагерлер басынан кешкен оқиғаларын айтты, қиын-қыстау күндерді еске алды. Сондай-ақ, танымдық кездесуде оқушылар ойында жүрген сұрақтарын қою мүкіндігіне ие болды. Ардагерлер «Ауған соғысы жылдарындағы қазақстандық жауынгерлердің ерлігі ұмытылмайды. Сол шақтағы елім деген жастардың бір-біріне деген достық көмегі, жанкешті тағдыры бүгінгі жастарға – өнеге. Намысты қолдан бермедік, сол жолда жанымызды аямадық» деді.

Ерліктің ерен үлгісін көрсеткен аға буын өкілдерінің қайсарлығын үлгі тұтқан мектеп оқушылары кештен ерекше әсер алып қайтты. Жауынгер ерлігін жас ұрпаққа дәріптеген №57 мектеп-лицейінің ұстаздары ардагерлер алғысына бөленді.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button